ІІМ Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған күдіктінің полиция инспекторы болғанын растады

15.08.2023, 13:21
612
ІІМ Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған күдіктінің полиция инспекторы болғанын растады Шымкент қаласы ПД

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкентте дүкен сатушысынан гүл тартып алып кеткен полиция қызметкеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз осы болған оқиға туралы сіздер сияқты интернеттен көрдік, білдік. Сол күні тексеріс басталды. Өздеріңізге мәлімдеме бердік. Ол полиция қызметкерінің қылығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің арызы уақытында қабылданбағаны үшін өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ол жаққа барды, қазір тексеру жүріп жатыр. Олардың да жауапкершілігі қаралады», - деді Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар М.Қожаев күдікті прокуратура қызметкері еместігін айтты.

«Иә, олардың қызметкері еместігін растаймын. Гүлді алып кеткен азаматтың сол уақытта учаскелік полиция болғандығы шын. Реформа жүргізіп жатырмыз. Қызметкерлеріміз бізге аспаннан түскен жоқ. Олар да қоғам мүшелері. Қоғамда қандай процестер орын алса, полиция қатарында да сондай жүреді. Бізде 126 мыңнан астам қызметкер бар. Олардың арасында түрлі жағдай болып тұрады», - деді ол.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?