Америкалық Hindenburg Research компаниясы Freedom Holding-ті санкцияларды бұзды деп айыптады

15.08.2023, 19:54
713
Америкалық Hindenburg Research компаниясы Freedom Holding-ті санкцияларды бұзды деп айыптады tverigrad.ru

Компания сарапшылары бүгін Freedom Holding қызметіне қатысты жаңа тергеу нәтижелерін жария етті.

Олар нарықтағы бағалы қағаздары 4,6 миллиард долларды құрайтын Freedom Holding-ті санкциялардан жалтарды, шын мәніндегі кірісін бұрмалады, нарықта манипуляция жасады айыптаған.

Мұндай айыптауға зерттеу нәтижелері жарияланбай тұрып, компания өзінің соңғы жылдық есебінде «OFAC, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания енгізген санкциялармен қамтылған белгілі бір адамдар мен ұйымдарға брокерлік қызмет көрсететінін» мойындағаны себеп болған.

Оның үстіне Hindenburg Research сарапшылары компания Ресей нарығынан кетпеген және оны Тимур Турлов әлі күнге дейін жасырын түрде басқарып отыр деп есептейді. Себебі компанияның Ресейдегі бөлігін оның жақын досы сатып алған-мыс. Сондай-ақ олар Freedom Holding табысының жыл сайын өсуіне күмәнмен қарайды.

Біз түсініктеме алу үшін Freedom Holding Corp компаниясына хабарластық.

Бұған жауап ретінде компания ешқандай санкция талаптарын бұзбағанын хабарлады.

«Холдингтің жылдық есебі АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының (ӘКК) сайтында жарияланды. Аудитті Deloitte үлкен төрттік компаниясы жүргізді. Кірістер, баланстар және клиенттер толығымен расталған. Барлық байланысты тараптармен қарым-қатынас талданып, егжей-тегжейлі ашылды», - делінген хабарламада.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды