1003

Тараздық әйел баласын грант оқуға түсіремін деп алаяққа алданып қалды

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғынның танысы сан соқтырып кетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тараздық әйел баласын грант оқуға түсіремін деп алаяққа алданып қалды
polisia.kz

11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арыз қалдырған. Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының берген мәліметіне сәйкес, аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, оны қолға түсірген. 

Сондай-ақ күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Әзірге тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.