Қызбен кездесуде кофесіне есірткі салған астаналық ұсталды

16.08.2023, 10:02
1156
Қызбен кездесуде кофесіне есірткі салған астаналық ұсталды bhg.com

Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған деп smartnews.kz сайты ІІМ Telegram арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астаналық полициялерге жас қыз арыз түсірген. Ол сырттай таныс адамы кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан. 

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жастардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған.

Әрі қарай болған оқиғалар кофе ішкен соң жәбірленуші қыздың есінде қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. 

 - Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз, - деп полиция өкілдері ескерту жасады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды