Прокуратура: Текелідегі лагерьде шизофреник қызметкер жұмыс істеген

16.08.2023, 12:42
908
Прокуратура: Текелідегі лагерьде шизофреник қызметкер жұмыс істеген pexels.com

Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жетісу облысының прокуратурасының дерегінше, 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізілген, ал олардың жағдайы заң талаптарына мүлде сәйкес келмеген.

Мысалы, Көксу ауданындағы «Қарлығаш» лагерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған. 

Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмаған.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары - өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген.

Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген.

Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеу көрмеген.

Алакөл ауданындағы «Шағала» лагерінде ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ боп шықты. 

Сонымен қатар Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталған.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеру іс-шаралары әлі де жалғасып жатыр. Барлық анықталған заңсыз жағдайлар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді