1296

Ақтөбе–Астрахань тас жолында ауыр жол апаты болды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты бейнетіркеу камерасына түсіп қалған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбе–Астрахань тас жолында ауыр жол апаты болды
polisia.kz

Polisia.kz Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 16 тамыз күні Алға ауданының Бестамақ ауылы манындағы Ақтөбе – Астрахань автожолында болған.

Бейнежазбада Shacman жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралдарын басып озу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Nissan және Mersedes автокөліктерімен соқтығысқаны түсіп қалған.

Оқиғаның салдарынан жүк көлігі мен Nissan жеңіл автокөлігінің жүргізушілері түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылған.