Елімізде ерекше қажеттілігі бар спортшылар көбейіп келеді

16.08.2023, 16:26
806
Елімізде ерекше қажеттілігі бар спортшылар көбейіп келеді time.kz

Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны өсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігінің берген дерегіне сәйкес, соңғы 3 жылда спортпен, әрі дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсті. Егер 2020 жылы 38 352 болса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға жетті.

Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны бойынша Қостанай облысы көш басында. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар 5687 адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (4997 адам) және Астана қаласы (4514 адам) тұр. Үздік бестікті Түркістан (4298 адам) және Жамбыл (4 057 адам) облыстары түйіндейді.

Айта кету керек, ең қарқынды өсім елордада байқалған. Астанада 3 жыл ішінде ерекше қажеттіліктері бар спортпен шұғылданатын адамдардың саны 3232 адамға артты. Екінші орында ШҚО (+1585 адам), үшінші орында – Қостанай облысы (+1295 адам). Жамбыл облысында 668 адамға, Түркістанда – 659 адамға артты.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасамай, бұқаралық спортты дамыту мүмкін емес. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 15 спорт клубы мен 3 мектеп, сондай-ақ Алматы облысында спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Біз спорттық инфрақұрылымды қолжетімді етуге ниеттіміз. Сондықтан қазір еліміздің барлық өңірінде 113 жаңадан спорт нысанын салу бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған