"Ешкімге айтпай психологқа бардым": танымал актер "Бақыт" фильміндегі рөліне қатысты пікір білдірді

16.08.2023, 18:31
1585
"Ешкімге айтпай психологқа бардым": танымал актер "Бақыт" фильміндегі рөліне қатысты пікір білдірді kazgazeta.kz

Актер Ерболат Әлқожа "Бақыт" фильмінен соң образдан шыға алмай қалғанын, сондай-ақ миы шайқалғаны жөнінде айтып берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты "Әйел энергиясы" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өнер иесі "Әйел энергиясы" бағдарламасында өзі түскен фильмнен кейін психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын ашып айтты.

- Кей ағаларымыз жайлы баяғыда "Образынан шыға алмай, пәленше жыл жүріпті" дегенді еститінбіз. Түсірілім алаңында 1,5 ай жүрдік. Фильм бір айда түсірілді. Образдан шыға алмай бір жылдай жүрдім. Маған өте қиын болды, жаман болдым. Осымен екінші рет осындай болды. Кейін "Талақ" деген тарихи фильмге түскен кезде де, жынданып кете жаздадым. Мен ешкімге айтпай, психологқа бардым, - дейді Ерболат Әлқожа.

Сондай-ақ актер түсірілім барысында басынан жарақат алып, миы шайқалған.

- Фильмде балғамен ұратын кадр үшін бізге арнайы пластмасса балға жасап берді. Ұрған кезде қолыма тиіп, ол балға сынып қалды. Ол түсірілім өзі ұзақ түсіріліп жатыр еді. Содан біздің Андрей деген гримеріміз ағаш сапқа силиконнан балғаның басын салып берді. Ұрып көрсек, жұмсақ. Ауырмайды. Сол балғамен ұратын кадрді түсіргенде, ұрса, қатты тиеді. Мен түсірілімді тоқтата алмаймын. Себебі, тоқтатсам, қайта түсіру керек. Шыдап жатырмын. Басыма екі-үш жерден тиді. Арқама тиді. Бір кезде "Түсірілді" деді. Мен орнымнан тұрайын десем, тұра алмаймын. Басым айналып, жүрегім айнып жатыр. Ал түсірілімді жалғастыру керек. Дәрігерлер келді. Менің миым шайқалған. Содан ауырсынуды сезбейтін дәрі ішіп, түсірілімді жалғастырдық. Басыма, арқама гематома пайда болды. Миым шайқалып, аурухана мен шипажайға жатып келдім, - дейді актер.

Десе де, актер осы фильмдегі рөлі үшін Cinema Jove халықаралық фестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алған болатын.

Еске сала кетсек, «Бақыт» фильмі бір отбасындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан зорлық-зомбылықтың ауыртпалығын баяндайды. Тұрмыста қысым құрбандар соңында өздері жазалаушыға айналады. Фильмде басты рөлдерде Лаура Мырзахметова, Ерболат Әлқожа, Алмагүл Қазыхан, Шынар Жанысбекова ойнайды.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды