Елімізде АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты

17.08.2023, 15:05
541
Елімізде АЭС құрылысын жақтаушылар саны айтарлықтай артты mtrk.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды smartnews сайты.

«Энергетиканы одан әрі дамыту сценарийлерінің бірі атом станциясының құрылысы болды. «Самұрық-Энергоға» тиесілі «Атом электр станциялары» АҚ компаниясы конкурс жариялады. Онда конкурсқа әлеуетті қатысушылардың алдын ала өтінімдері іріктелді. Олар Франция, Корея, Қытай, РФ компаниялары, сондай-ақ америкалық шағын және орта реактор өндірушілерінің өтінімдері қаралуда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, үкіметтік комиссия атом электр станциясын салу үшін бірнеше учаскені қарастырды. Атап айтқанда, ШҚО-дағы алаң (Курчатов), Алматы облысындағы алаң (Үлкен кенті), Қазақстанның батысындағы перспективалы алаң қарастырылды.

«Үлкен және Курчатов алаңдары ең перспективалы болды. Деректер жиынтығы бойынша сарапшылардың қорытындысына сүйене отырып, Балқаштағы Үлкен кентінің алаңы алдын ала мақұлданды. Енді осы алаңда қандай да бір талдауды бастау үшін рәсімдерге сәйкес, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық құжаттаманы әзірлеу мақсатында аймақтарда жергілікті жерлерде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Яғни, әзірше станция құрылысы туралы емес, дайындық барысы туралы сөз болып отыр», - деді министр.

Министр елдің әртүрлі аймақтарында қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін барлық ақпарат жиналып, содан кейін Үкімет шешім қабылдайтындығын айтады.

«Шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірі ескерілетін болады. Ол қандай формада болатындығын, қазір айта алмаймын. Қазір әртүрлі пікір бар екенін білеміз. Бірақ атом станциясы құрылысын қолдайтын адамдардың саны едәуір өсті. Өйткені олар қандай технологиялар қолданылатыны, станцияның қауіпсіздігі, елдің дамуы үшін де, аймақтың дамуы үшін де болатын мүмкіндіктер туралы ақпарат алды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді