Қазақстанда болу мерзімін бұзған шетелдіктерге қанша айыппұл салынады

17.08.2023, 17:45
607
Қазақстанда болу мерзімін бұзған шетелдіктерге қанша айыппұл салынады smartnews.kz

Елімізге жұмыс бабымен немесе оқу үшін 30 тәуліктен астам мерзімге келген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат ресімделеді. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Елімізге келген шетел азаматтары мен оларды қабылдаған жақтан Қазақстанда болу заңнамасының бұзылуына жол бермеуін сұраймыз», - деді Ербол Махметов полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде болу қағидалары бұзылған жағдайда шетелдіктер әкімшілік- қылмыстық кодекстің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни Қазақстанда болу мерзімін бұзу.

Айыппұлдың мөлшері болу мерзімінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Мысалы, 3 тәулікке дейін – ескерту, 5 тәулікке дейін – 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), 10 тәулікке дейін 15 АЕК.

Егер шетел азаматы елімізде болу мерзімін 10 тәуліктен артық бұзса, онда әкімшілік хаттама сотқа жіберіледі. Соттың шешімімен айыптыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе елден шығарылады.

«Елге 30 тәуліктен астам мерзімге келген шетел азаматтарына (жұмыс, оқу, емдеу, бизнес-иммигранттар үшін, сондай-ақ отбасына келу және тұрақты тұру мақсатында) уақытша тұруға рұқсат ресімделеді. Жыл басынан бері 27 731 рұқсат ресімделді», - деп қорытындылады спикер.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды