Шымкентте жазасын өтеуден жалтарған сотталушы ұсталды

17.08.2023, 19:45
661
Шымкентте жазасын өтеуден жалтарған сотталушы ұсталды smartnews.kz

Шымкентте жазасын өтеуден жалтарған сотталушы ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ 56 қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеуші өтініші негізінде жуынуға және қажетті заттарды алуға тысқа шыққан. Алайда, ол мекемеге белгіленген уақытта қайта оралмаған.

Күндізгі уақытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сотталушыны Жетісай ауданынан қолға түсірді.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын (ҚР ҚК 427-бабы «Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтару») жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаменті қызметтік тексеру жүргізді.

Ал«жазасын өтеуші қалай тысқа шығып кеткен деген сауалға?» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ресми түрде жауап берді.

«ҚР Қылмыстық-атқару кодексiнің 143-бап 6-бөлігі 4-тармағына сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайларында мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қажет болса, мекемеге iргелес аумақтың шекарасы шегiнде айына бір рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға құқылы»-делінген ақпаратта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді