"90 жаста да адасып жүрер ме едім": Құралай ханым өзін түзу жолға салған Айгүл Елшібаеваға алғысын айтты

18.08.2023, 10:38
3580
"90 жаста да адасып жүрер ме едім": Құралай ханым өзін түзу жолға салған Айгүл Елшібаеваға алғысын айтты quralai_hanum/aigulyelshibayeva01

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева белгілі психолог, коуч Құралай Ошақбаеваны теріс жолда жүріп, қыз-келіншектерді адастырды деп айыптаған болатын. Тіпті өнер иесі коучтың жаттатып жүрген дуаларынан қыздардың жан тәсілім еткенін де айтқан. Кейін психолог өз қатесін түсініп, әншіден кешірім сұрап, жазба жариялады. Осы дауға қатысты Құралай Ошақбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында ашық баяндады.

Екеуіміздің арамыздағы кикілжің екі жылға созылды. Бастапқыда оның сөздерін қабылдай қоймадым. Мен өзімді адал, момын, қателік жасамайтын адаммын деп санап, пендешілікке салдым. Мені көре алмай жатыр деп ойладым. Кейін бұл ойымнан күмәндана бастадым. Уақыт өте өз әрекеттерімнен ұялдым. Негізі әр бір қазаққа, оның ішінде танымал адамдарға, билікте бір-бір Айеке болса Қазақстан дамып кетер еді. Себебі, Айгүл Елшібаева маған көп көмек берді. Мүмкін мен 90 жасқа келіп адасып жүрер ме едім. Ол менің есімді жиғызды. Етек-жеңімді жинап, көп қателіктерімді түсіндім. Мекке барып келгеннен кейін Айгүлге алғысымды айттым. Мен сөйтіп адасып жүріп, өліп қалғанымда не болар еді? Құдайдың алдына не деп барар едім? Ешқандай бүкпесізмен ол кісіге ризамын. Айгүлге хат та, жазба да арнап жаздым”, – дейді Құралай ханым.

Аман Тасығанның: “Айгүл Елшібаева сізді неше рет жылатты?” деген сауалына Құралай Ханым: “Өте көп жыладым. Таңды таңға ұрып, ұйықтамаған кездерім болды. Өте қатты қиналдым. Соңында менің денсаулығым сыр берді. Сол кезде өзіме-өзім келдім. Себебі мені жолдасым қолдады. Сол жағдайдың бір жақсы жағы, жанымдағы достарым тазаланды, кімнің кім екенін білдім. Сонда жанымда отбасым мен бір-екі досым ғана қалды. Қатты құладым. Өзімді әрең жинап алдым. Айгүлге жазба арнау үшін екі жыл керек болды. Мен 20 жыл Брайан Трейсиді оқысам да, Айгүлден сабақ алғандай сабақ алмадым. Бірақ менің жолдасым маған әрдайым: “Сенікі дұрыс, ниетің де дұрыс. Сен өз өміріңдегі болып жатқан нәрсені айтасың. Ештеңені ауадан алып жатқан жоқсың. Мен бармын ғой” деп ештеңеге қарамастан маған сенім білдірді. Айгүл ханыммен әлі бетпе-бет кездескен жоқпыз. Бірақ кездесуден қашпаймын. Ол кісіге ашықпын, жақсы көремін. Жазбамда ат мінгізетінімді айтқан болатымын. Осы сәтті пайдалана отырып, қырсық, қыңыр мінезім үшін, көрсеқызарлығым мен пендешілігім үшін, ол кісінің мазасын алғаным үшін Айгүл Елшібаевадан кешірім сұраймын”, – дейді танымал психолог.

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды