Елорда жастары: 200 жеңілдетілген несие сертификаты беріледі

18.08.2023, 13:28
441
Елорда жастары: 200 жеңілдетілген несие сертификаты беріледі smartnews.kz

Биыл «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасын табады. Осыған орай 200 астаналық жас баспаналы болады. Бұл туралы Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2021 жылдан бастап «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл – жастардың тұрғын үй алуына жеңілдетілген несие беру бағдарламасы. Өткен жылы 200 жеңілдетілген несие бекітіліп, жастар оған ие болды. Биыл да 200 сертификат беріледі. Қазір іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Тұрғын үй басқармасы өтініштерді тіркеді, біз өз тарапымыздан тағы бір қарап, оны «Отбасы банкіне» жібердік. Бүгінде банк өтінім иелерінің кредиттік жағдайын тексеріп жатыр», - Қайрат Қамбаров қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, елордада жастарды қолдау және қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Жастар ол жерден баспана, жұмысқа орналасу және басқа сұрақтарға жауап және кеңес алу мүмкіндігі бар.

Астанадағы жастарға қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:

- Есіл ауданы – Қабанбай батыр, 58 б, 1 қабат;

- Байқоңыр ауданы – Алаш тас жолы, 34/5, 1 қабат;

- Сарыарқа ауданы – Бейбітшілік, 9, 2 қабат;

- Алматы ауданы – Абылай хан даңғылы, 31, 2 қабат.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?