502

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Үшінші кеншінің денесі табылды

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Үшінші кеншінің денесі табылды
smartnews.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Көмекке мыналар кіреді:

- жерлеуге байланысты шығындарды жабу;

- қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;

- 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);

- 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;

- Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;

- Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;

- Серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

- Әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру.