Балқаштағы жан түршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты
Балқаштағы ауыр жол көлік оқиғасының салдарынан бірнеше адам қайтыс болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген.
- Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.