1143

Түркістанда тұрғындарды вахталық жұмысқа кіргіземін деп алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп 10 тұрғынды алдаған алаяқты анықтады. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Түркістанда тұрғындарды вахталық жұмысқа кіргіземін деп алдаған алаяқ ұсталды
polisia.kz

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды. 

Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.

Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.