Астанада мешіт маңындағы жол белгісін елемегендер мемлекеттік нөмірінен айырылды

19.08.2023, 11:32
709
Астанада мешіт маңындағы жол белгісін елемегендер мемлекеттік нөмірінен айырылды cts.gov.kz

Елордадағы "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасы маңында тоқтауға тыйым салынған жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісінің мемлекеттік нөмірі тәркіленді. Бұл туралы smartnews.kz басылымы cts.gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіретін көліктер көп. CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 15 тамыздан бастап рейд өткізіп жатқанын ескертті.

Белгілі болғандай, Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін «аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Ал бұл қоғамдық көліктің қозғалысын біршама қиындатады.

Компания мен ведомствоның бірлескен жұмыс барысында 80 көлік иесімен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ал 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылып, сондай-ақ 30 автомашинадан мемлекеттік нөмірлері тәркіленді.

- Полиция департаменті қызметкерлерінің елордадағы қоғамдық көлік қозғалысының қауіпсіздігіне жәрдемдескені және бірлесіп атқарған жедел жұмысын атап өткіміз келеді. Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластық танытуға шақырамыз, - делінген компания хабарламасында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды