Премьер-министр Қарағандыдағы шахтада қайтыс болғандардың жақындарымен кездеспек
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағандыға келді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
ҚР Үкіметінің ресми парақшасында, Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барғаны жайлы ақпарат жарияланды. Үкімет басшысы «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездесіп, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізбек.
Сондай-ақ Шахтинск қаласында премьер-министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті. Қазірде кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Одан бөлек Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.