Елімізден 381 000 кг пиязды ЕАЭО елдеріне алып шықпақ болған 19 жағдай тіркелген

19.08.2023, 13:29
909
Елімізден 381 000 кг пиязды ЕАЭО елдеріне алып шықпақ болған 19 жағдай тіркелген ашық дереккөзден

Елімізге әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарларды тасымалдағандар көбейген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің автомобиль өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлардың өтуін бақылауды жүзеге асырады.

Елімізге әкелуге және әкетуге қолданыстағы тыйымдар мен шектеулер бар. Ол шектеулер бойынша 2023 жылдың өткен кезеңінде қанша заң бұзушылар тоқтатылды?

Жалпы биыл ҚР аумағынан ЕАЭО елдеріне тыйым салынған тауарлардың 662 әкету әрекеті анықталды, оның ішінде:

      - жалпы салмағы 69 006 литр мұнай өнімдерін әкетудің 612 әрекеті анықталған (Ақтөбе облысында 10 945 литрді 6 әкету әрекеті, Атырау облысында 162 литрді 1 әкету әрекеті, Батыс Қазақстан облысында 12 800 литрді 49 әкету әрекеті, Жамбыл облысында 28 144 литрді 169 әкету әрекеті, Қостанай облысында 9 606 литрді 201 әкету әрекеті, Шығыс Қазақстан облысында 3 294 литрді 123 әкету әрекеті, Абай облысында 1 185 литрді 30 әкету әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 950 кг-ға 6 әкету әрекеті, Павлодар облысы 1 920 литрге 27 әкету әрекеті);

       - жалпы салмағы 284 000 кг қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін әкетудің 23 әрекеті (Ақтөбе облысында 85 200 кг-ды әкетудің 6 әрекеті, Батыс Қазақстан облысында 48 600 кг-ды әкетудің 5 әрекеті, Қостанай облысында 127 000 кг-ды  әкетудің 9 әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 200 кг-ды әкетудің 1 әрекеті);

     - жалпы салмағы 381 000 кг пиязды әкетудің 19 әкету әрекеті  (Ақтөбе облысында 40 000 кг-ды  әкетудің 2 әрекеті, Қостанай облысында 160 000 кг-ды әкетудің 8 әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 97 000 кг-ды әкетудің 5 әрекеті, Павлодар облысында 84 000 кг-ды әкетудің 4 әрекеті);

    -  жалпы салмағы 43 000 кг көмір әкетудің 2 әрекеті (Қостанай облысында  43 000 кг-ды әкетудің 2 әрекеті);

     - жалпы салмағы 93 000 кг бидай әкелудің 5 әрекеті (Ақтөбе облысында 40 000 кг-ды әкелудің 2 әрекеті, Қостанай облысында 33 000 кг әкелудің 2 әрекеті, Абай облысы бойынша 20 000 кг-ға әкелудің 1 әрекеті);

     - жалпы салмағы 1 200 кг  балықтың әкетудің 1әрекеті (Абай облысында  1200 кг  әкетудің 1әрекеті).

Бұл фактілер салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауар тасымалдау туралы енгiзiлген тыйымдарды бұзу әрекеттерінің болғанын куәландырады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері осындай құқық бұзушылықтың алдын алмақшы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды