Алматыда қай автобустар жаңартылмақ?

19.08.2023, 16:34
604
Алматыда қай автобустар жаңартылмақ? ашық дереккөзден

21 тамыздан бастап Алматы қаласындағы бірқатар автобустар жаңартылады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, 21 тамыздан бастап №24 және №125 маршруттардың жылжымалы құрамы жаңартылады.

Бұған дейін №24 маршрутта 6 дизельді автобус жұмыс істеген. Оның орнына енді 12 жаңа газбен жүретін автобус қызмет етеді. Жолаушылардың сұранысы бойынша бұл бағыт ұзартылды. Ендігі бағыт: Сайын - Момышұлы - Төле би - Розыбакиев - Өжет ықшам ауданына дейін Солтүстік айналма көшесімен жүретін болады. Алдыңғы маршрут ҮАК бойымен жүретін. Жаңартудан кейін қозғалыс жиілігі 20 минуттың орнына 12-13 минутты құрайтын болады.

Сондай-ақ, №125 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады, онда бұрын 6-7 дизельді автобус жүрген болатын. 21 тамыздан бастап осы бағытта 10 жаңа газбен жүретін автобус шығарылады. Бұған дейін аталған маршруттың жиілігі 40 минутқа дейін ұзарған, жаңа автобустар шыққаннан бастап жүру жиілігі 15-18 минутқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Барлық жаңа автобустар орташа сыйымдылықта, он метрлік, едені төмен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдайлар қарастырылған. Салқындату жүйесімен және пешпен жабдықталған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді