Канар аралдарында халықты эвакуациялау жалғасып жатыр
Испанияның солтүстігіндегі Тенерифе аралында (Канар аралдары тобына кіреді) тұтанған орман өртін әзірге ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Ел билігі халықты эвакуациялауды жалғастыруға мәжбүр. Бұл туралы smartnews.kz сайты Канар аралдары үкіметінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ауа райы өзгеріп, бізге Тенерифенің солтүстігіндегі елді мекендерді, әсіресе бес ауданды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді», - деді жергілікті билік өкілі Мануэль Миранда.
Мәліметке сүйенсек, 26 мыңға жуық адам төтенше жағдайға байланысты эвакуацияланды немесе үйлерінде қалуға ұйғарым алды.
М.Миранданың сөзінше, түнгі уақытта ауа температурасы мен желдің күші артқан. Билік халық арасында адамдардың өлімін болдырмауға басымдық беріп отыр.
Дегенмен, табиғи апат туристер арасында танымал аудандарға зардап тигізіп жатқан жоқ және аралдың екі әуежайы да штатты режимде жұмыс істеп тұр.