672

Маңғыстаудың жарығы қайта оралды: МАЭК іске қосылды

Апатты жағдайдан соң МАЭК-тің жөндеу жұмысы толық аяқталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Маңғыстаудың жарығы қайта оралды: МАЭК іске қосылды
mangystau_oblysynyn_akimdigi

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, №3 энергоблок қайта іске қосылды. 

- Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті, - делінген баспасөз хабарламасында.

Энергоблок 19 тамызда іске қосылған. Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталған. Дәлірек мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда, енді шектеулер орнамайды.

Еске сала кетсек, МАЭК 2-ЖЭО екі турбоагрегаты 11 тамызда тоқтаған болатын. Оқыс оқиғадан кейін облыста электр қуаты үзілген.