Астанада 3 жастағы баланы көлік қағып кетті
Елордада үш жасар бала көлік астына түсіп қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты turkistan.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Белгілі болғандай оқиға 19 тамыз күні сағат 12.40-та болған. Астанадағы белгілі көшелердің бірі Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласында болған.
Жол апаты болғанмен, бала жедел көмектің арқасында аман қалған.
Turkistan.kz сайтының дерегінше, бүлдіршін ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылған.