806

Павлодарда "Ертіс орманы" резерватынан ағаш ұрламақ болғандар ұсталды

Павлодар-Семей тас жолында ағаш ұрлап жүргендер ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Павлодарда "Ертіс орманы" резерватынан ағаш ұрламақ болғандар ұсталды
woodworkingnetwork.com

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірге құрықталған.

Ұрылар Павлодар - Семей автожолында ағаштарды алып кетпек болған. Олар шамамен көлемі 70 текше метр қарағай ағаштарын «КамАЗ» жүк көлігімен тасымалдаған. Ұрланған ағаштардың бағасы 3 миллион теңгеден астам соманы құрайды.

– Ағаштарды Шарбақты ауданы «Ертіс орманы» Шалдай филиалының  орманшылығында заңсыз кесіп,  мерзімі өткен және тиісті емес жүкқұжаттар бойынша Семей қаласына сатуға жіберілгенін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді департаментте. 

Еске сала кетейік, 11 шілде Аққулы ауданында түнгі уақытта қарағай ағашын кескен тұрғын жазаланған болатын.