2977

"Алла бұйырса, туамын тоқтамай": Ерке Есмахан той көйлегімен түскен суреттерін жариялады

Әнші Ерке Есмахан отбасылық суретімен бөлісіп, жұрт сауалына жауап берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

"Алла бұйырса, туамын тоқтамай": Ерке Есмахан той көйлегімен түскен суреттерін жариялады
erke_esmahan

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан мен оның жұбайы Raim той көйлегімен түскен суреттерін жариялады. Суреттің астына жас жұбайлар "Әлеміме сен келдің", "Жанұя" деген жазулар қалдырған.

Сондай-ақ әнді Ерке Есмахан той қашан болатынына қатысты сұраққа жауап берді.

- Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға қарамайды екен. Алла бұйырса, жанұямыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз, - дейді әнші.

Сондай-ақ әнші қалай бас қосып, жарасқандарын да сөз етті. Айтуынша, жан-жары Raim бар жаман мінезіне көніп, Еркенің еркелігін көтере алған.

Бақытты жұп бала тақырыбына қойылған "Айналайын Ерке, Райымға перзент туып берші" деген сауалына былай жауап қатты:

- Болды, апа, заказыңыз қабылданды. Алла бұйырса, туамын тоқтамай, - дейді жас келін Ерке Есмахан.