Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген 3,5 млрд теңгеге мектеп салынып жатыр

20.08.2023, 18:45
797
Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген 3,5 млрд теңгеге мектеп салынып жатыр 24.kz

Талдықорғанда жемқордың ақшасы ел игілігіне жұмсалып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты Хабар 24 арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Талдықорғандағы Ынтымақ ықшам ауданында 1200 балаға арналған ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Төрт жарым мың адам тұратын елдімекенде мектеп болмаған. Сондықтан оқушылар екі, үш шақырым жердегі қалаға қатынап оқып келген.

2021 жылы басталған құрылыстың мердігер мекеме 90%-ын аяқтаған. Құрылыс алаңында қазір де 150 шақты адам еңбек етіп жатыр. 

- Қазір есіктерін күтіп отырмыз. Есіктерін салғананнан кейін бояу жұмыстарын жүргіземіз. Сыртқы жұмыстарының асфальты салынып тұр. Екінші қабатын саламыз. Чернозем төгіп қойдық, енді шөп егу қалды. Гүлдерді отырғызып қойдық, - дейді құрылыс учаскесінің бастығы Талғат Кәрібжанов.

Жоспар бойынша нысан қазан айының соңында ел игілігіне беріледі. Сол кезде Ынтымақ, Жастар және Үшінші бөлімше деп аталатын ықшам ауданындағы оқушылар жаңа мектепте білім алатын болады.  

- Нысанның шарт бойынша құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде білім беру ұйымдарының инфроқұрылымын қолдау қорынан 1,8 млрд теңге бөлінген. Қалғаны бюджеттен бөлінген. Қазір жұмыс графикке сай жүргізілуде, - дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Орманов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды