Қызылордада 11 күннен бері жоғалып кеткен әйел адам табылмай жатыр
Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғынға іздеу салды. Бұл туралы smartnews.kz сайты turkystan.kz басылымына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті», – деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғу сұралады.