748

Ақтөбе облысында мүлде қылмыс жасалмайтын ауылдар саны 14 жетті

Ақтөбеде мүлде қылмыс орын алмаған ауылдар саны белгілі болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбе облысында мүлде қылмыс жасалмайтын ауылдар саны 14 жетті
ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының алты ауданында орналасқан 10 ауылда соңғы екі жылда қылмыс тіркелмеген еді. Ал соңғы үш айда қылмыссыз ауылдардың қатары толыққан. Бүгінде 14 ауыл өзге өңірлерге үлгі боп отыр. 

Олар - Ырғыз ауданының Құрылыс, Шеңбертал, Жаныс би, Құйлыс ауылдарын. Алға ауданының Амангелді ауылы мен Мұғалжар ауданының Бұлақты, Миялыкөл ауылдары. Сондай-ақ Темір ауданының Тасқопа, Әйтеке би ауданының Ақкөл, Ақтасты, Толыбай, Қайрақты, Хромтау ауданының Тассай сияқты ауылдары.