Енді төбеттер мен тазылар еліміздің шекарасын қорғау үшін қолданылады

21.08.2023, 09:39
939
Енді төбеттер мен тазылар еліміздің шекарасын қорғау үшін қолданылады canva.com

ҰҚК Шекара қызметінің кинологтары сирек кездесетін иттерді арнайы дайындауға кірісті. Мамандардың айтуынша, тазы мен төбеттің иіс сезу қабілеті дамыған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Осы уақытқа дейін шекараны қорғауға неміс, шығыс еуропалық және бельгиялық иттер тұрған. Әлемдік тәжірибеде бұл иттер тез қолға үйретіліп, күрделі тапсырмаларды өте жақсы орындайтыны белгілі. Алматы облысындағы қызметтік кинология басқармасының базасында енді қазақ иттерінің тұқымдары болады.

“Мамыр айынан бастап "Жеті қазына" қауымдастығынан алынған екі төбет күшігінің қабілеттерін тексеруге тест өткізудеміз. Екеуі де жақсы жағынан байқалды. Есту қабілеттері өте дамыған және олар адамға өте тез бейімделеді. Жыл соңына қарай осы екі күшікті сынау негізінде қорытынды жасап, оларды қандай қызмет үшін пайдаланатынымызды анықтаймыз", – дейді басқарма бастығы капитан Әлімжан Құлмағанбетов.

Сарапшылар тазылар шекара күзетінде жылқылармен бірге қолданса болады деп санайды. Өйткені олар атпен аң аулауға бейім. Өткір иіс сезу қабілетінің арқасында тазы есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге де жарайды.

“Күшіктерді сынау кезінде олардың жылдам екенін байқадық. Мінезі жұмсақ, икемді. Сондықтан оларды іздеу және бақылау қызметтері үшін пайдалану керек деп санаймыз. Иіс сезуінің арқасында ол құқық бұзушыны оңай таба алады, ал жылдамдығымен қашып бара жатқан қылмыскерді тез ұстайды",— дейді бөлім бастығы Бауыржан Зақын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды