Ирандық әйелдер хиджаб киюден бас тартқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылады

22.08.2023, 12:31
764
Ирандық әйелдер хиджаб киюден бас тартқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылады stan.kz

Иранда парламенттік комитет хиджаб заңын бұзғаны үшін жазаны күшейтпек. Заң жоғарғы көсем Әли Хаменеи тағайындаған ислам дінінің мүшелері мен заңгерлерден тұратын Конституцияны сақтау кеңесіне ұсынылмақ. Бұл туралы smartnews.kz сайты Svoboda.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасы хиджаб киюден бас тартқан әйелдерге әлдеқайда үлкен айыппұлдар мен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру шараларын енгізуді қарастыратын 70 баптан тұрады. Жаңа заңдар пакетіне сәйкес, бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жыл. Ал айыппұл мың есеге дейін – 360 миллион иран риалына (7 800 еуро) дейін өседі. Заң жобасы заң бұзған атақты адамдар мен компанияларға жазаны қатайтады және киім үлгісін бұзушыларды анықтау үшін жасанды интеллектті қолданады.

Қазір Иранда барлық әйелдерді шашы мен мойнын жабуға міндеттейтін заң бар. Оның сақталуын вице-полиция қадағалайды және тәртіп бұзушылар көше камераларының жазбалары арқылы анықталады.

Заңнаманың қатайтылуы Иран билігінің 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін болған былтырғы наразылықтарға берген жауабы болды. Оған хиджабты дұрыс кимеді деген айып тағылып, артынша қайтыс болған еді. Аминидің отбасы қызын тәртіп сақшылары ұрып өлтіргенін мәлімдеді. Осы оқиғадан кейін болған шеруді Иран полициясы аяусыз басқан еді. Осы әрекеттер кезінде кем дегенде 500 адам қаза тауып, ондаған мың адам ұсталды. Бірнеше наразылық білдіруші өлім жазасына кесілді. Алайда шерулер аяқталғаннан кейін де Ирандағы көптеген әйелдер хиджаб кию талабына қарсылық көрсетуді жалғастыруда.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды