Астанадағы Талдыкөлдің тағдыры не болмақ

22.08.2023, 13:10
618
Астанадағы Талдыкөлдің тағдыры не болмақ smartnews.kz

“Астана Бас жоспары” ғылыми-жобалау жоспарлау институтының ұйымдастырған қоғамдық талқылауында Астанадағы Кіші және Үлкен Талдыкөлдің мәселесі айтылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Кіші Талдыкөл Астанадағы жаңа Нұра ауданында орналасқан. Көлдің қалай пайда болғанына қатысты әртүрлі жауап бар. Бірі табиғи түрде пайда болды десе, бірі ағынды сулардың нәтижесі деп санайды. Көлде Қызыл кітапқа енген тіршілік мекен етуі, көктемде көлде фламинголардың қонақтауы ерекше құбылыс болған.
 
Талдыкөлге қатысты дау шамамен 2020 жылдары көтерілді. Маңында тұрғын үйлер көптен салынып, көлге қауіп төніп тұр деп біраз экологтар дабыл қаққан еді.

Десек те, көлдің болашағы экологтар мен табиғат қорғаушылары ойлағандай болмауы да мүмкін. “Астана Бас жоспары” ғылыми-жобалау жоспарлау институты” ЖШС-нің 2035 жылға дейінгі ұсынып отырған елорданың бас жоспарында Кіші және Үлкен Талдыкөлдің тағдыры көп ойлағандай аса қорқынышты емес.

- Бұған дейін тұрғындар Талдыкөлден шығатын иіс пен оған қатысты мәселелерді жиі көтерді. Бас жоспар бойынша екі көлді де толықтай тазартып, оны демалыс орындарына айналдыру көзделіп отыр. Онда үлкен табиғи эко-парк болады, - дейді «Астана Бас жоспар» ҒЗЖИ мамандандырылған шеберханасының жетекшісі Мәулет Әлибаев.

“Астана бас жоспары” ҒЖЖИ-ының мамандарының сөзіне сенсек, Талдыкөл  астанамыздың көркін ашатын маңызды орындардың біріне айналмақ.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты