880

Астанада 2025 жылға дейін 730,0 гектар жердегі саяжай мен гараждар қиратылады

“Астана Бас жоспары” ғылыми-жобалау жоспарлау институтының ұйымдастырған қоғамдық талқылауында Астанадағы бұзылатын саяжай мен гараждардың көлемі белгілі болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада 2025 жылға дейін 730,0 гектар жердегі саяжай мен гараждар қиратылады
smartnews.kz

Астанадағы жер үйлер мен саяжай, гараждар орналасқан аумақтар аз емес. Олардың көпшілігінде адамдар қоныстанбаған, не көшіп кеткен. Сондықтан да елордадағы құлатылатын не бұзылатын обьектілердің саны белгіленген.

730,0 гектар жердегі аз қабатты үйлер, саяжайлар мен гараждардың шамамен 176,5 мың шаршы метр жері бұзылмақ. Бұл 2025 жылға дейінгі жоспар. Ал 2035 жылы бұл сан 731,5 мың шаршы метрге өссе, 2050 жылы 350,2 мыңға азаймақ.

Материал авторы