1045

2035 жылға дейін Астананың LRT іске қосылғандағы келбеті қандай болмақ

“Астана Бас жоспары” ғылыми-жобалау жоспарлау институтының ұйымдастырған қоғамдық талқылауында LRT-ның жайы қозғалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

2035 жылға дейін Астананың LRT іске қосылғандағы келбеті қандай болмақ
smartnews.kz

Жақында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен аспалы пойыздардың қатынауына арналған LRT-ның құрылысы қайта жалғасуы керегін тапсырған болатын. “Астана бас жоспары” ҒЖЖИ-ының мамандары елорданың аспалы пойызы қалай қозғалмақ, бағыты қалай және бастысы - қандай өзгеріс енгізілмек деген сұрақтарға жауап берді.

-    Транспорттық жүйені толықтай сараптамадан өткіздік. Бұрынырақта LRT-ның бірнеше кезегі жоспарланған еді. Бірақ қажеттіліктер мен тұрғындардың санын есептей келе, біз басқа шешімге келдік, - дейді “Астана Бас жоспары” ғылыми-жобалау жоспарлау институты” ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов.

2035 жылға дейін LRT-ның екі бірдей кезекті жолдары жұмыс істейді. Мәселен, халықаралық әуежайдан жаңа “Нұрлы жол” вокзалына дейін бір бағыт болса, шамамен Ханшатыр ауданынан ескі вокзалға дейін екінші бір бағыт жүргізілмек. 

-    LRT-ға қатысты қатты қажеттілік те бар дей алмаймыз. 2035 жылғы халық санының жоспары бойынша LRT-ның бұл екі бағыты жеткілікті деңгейде қызмет атқара алады, - дейді спикер.

Сондай-ақ Серік Әбдірахмановтың айтуынша, бас қаламызға трамвайлардың қозғалысы да тартылуы мүмкін. Шындап келгенде, трамвай экологиялық тұрғыдан зияны аз, әрі қала қозғалысының ілгерілеуіне аса көп көмектесуі ықтимал.

Материал авторы