Петропавлда ит-мысығын дұрыс бақпаған 400-ден астам адам жазаланды

23.08.2023, 09:47
635
Петропавлда ит-мысығын дұрыс бақпаған 400-ден астам адам жазаланды canva.com

Петропавлда жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін биыл 400-ден астам тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов қызмет атқару барысында Қазақстан Конституциясы мен Горький көшелерінің қиылысында итті серуендетіп жүрген үш әйелді байқайды.

Стаффордшир терьердің тұмсығында тұмылдырығы, мойнында бауы болған.

Алайда полиция қызметкеріне ит иесінің жүріс-тұрысы сезік тудырып, тексермек болады. Екі әйел полицейлердің заңды талабына бағынбады.

Нәтижесінде 1984 және 1988 жылы туған әйелдер медициналық куәландыруға жеткізілді. Оның нәтижесі әйелдердің мас күйде болғанын көрсетті.

СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері итті уақытша орталықтағы торға орналастырды.

Әйелдер полиция басқармасына жеткізіліп, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2, 434 және 667-баптары бойынша бірнеше хаттама толтырылды.

Процесстік шешім қабылдау үшін жиналған материалдар сот органдарының қарауына жіберілді. Кейін мастығы тараған әйел итін алып кетті.

Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан Петропавлда жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылған.

Апта сайын учаскелік полиция инспекторлары қаланың әр бөлігінде тексеру және түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Алайда, нақты құқық бұзушылық болған жағдайда хаттама толтыруға мәжбүр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды