Astana Hub технопаркінде үш елдің стартаптарына арналған буткемп басталды

23.08.2023, 10:01
703
Astana Hub технопаркінде үш елдің стартаптарына арналған буткемп басталды astanahub.com

Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бастамасымен өтіп жатқан буткемп Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның стартаптары үшін қарқынды идеялар, тәжірибе және білім алмасу алаңына айналмақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Инновациялар мен кәсіпкерлік әлеміне жетелейтін іс-шара 21 тамызда Астанада басталды. «Шабыттандыратын инновациялар, қауымдастықтарды түрлендіру» тақырыбындағы онкүндік буткемп инновациялық жобаларды құрудағы трансшекаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Astana Hub (Қазақстан), IT Park (Өзбекстан) және Next Step (Әзірбайжан) бірге ұйымдастырылып жатқан бұл буткемп серіктес елдердің әрқайсысында үш күн бойы өтеді.

Бағдарлама нарықты талдау, клиенттік базаны дамыту, құқықтық мәселелер, инвестиция тарту стратегиялары және басқа да көптеген аспектілер бойынша семинарларды қамтиды.

Сонымен қатар қатысушылар экожүйеге толығымен бойлау үшін инновациялық орталықтармен танысып, осы елдердің астаналары мен ірі IT-компанияларын аралу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысушыларға жобаны көрсету және желілік дағдыларды жетілдіруге, UX/UI дизайнын оқытуға, жобаларды егжей-тегжейлі талдауға және адами капиталды дамытуға мүмкіндік беретін воркшоптарға ерекше көңіл бөлінеді.

ОАӨЭЫ өңірі инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту перспективасына ие, ал стартаптар экожүйесі жылдам кеңейіп келеді. Стартаптар өз бизнесін кеңейту кезінде кездесетін әдеттегі қиындықтарды шешу үшін өңірлік Startup Bootcamp әзірленді. Бұл буткемп практикалық білімді, желіні және негізгі ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді