701

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері шақырымдап кезекте тұр

23 тамызда Қырғыз Республикасының Қазақстанға кіретін аумағында жүк көліктері шақырымдап кезекте тұр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері шақырымдап кезекте тұр
sergio souza/pexels.com

Ведомствоның мәліметінше, 13:00-дегі жағдай бойынша «Ак-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінің алдында 493 жүк көлігі мен «Кен-Булун-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 146 көлік тұр. Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 112 көлік құралы шықты. Қырғыз тарапынан өткізу пункттері күнделікті режимде жұмыс істейтіні атап өтілді.