Астанада терезеден секіретіндердің өліміне көпқабатты үйлер кінәлі - экс-депутат

23.08.2023, 20:06
569
Астанада терезеден секіретіндердің өліміне көпқабатты үйлер кінәлі - экс-депутат smartnews.kz

“Астана Бас жоспары” ҒЖЖИ талқылауында блогер Тәңірберген Бердоңғаров маңызды мәселелерді қозғап өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Экс-депутат, әрі “Бауырлас” қоғамдық бірлестігінің басшысы Тәңірберген Бердоңғаров бүгін “Астана Бас жоспары” ҒЖЖИ өткізген талқылауында маңызды сауалдарды көтерді. Бердоңғаровтың айтуынша, Астанадағы көпқабатты үйлерден құлап қайтыс болатын адамдардың өліміне бас қаламыздағы үйлердің құрылысы кінәлі.

— Естіген боларсыздар, жақында “Балқадиша” ТҮК-нен бір адам терезеден секіріп, мерт болды. Жалпы алғанда, сіздер өте жақсы білесіздер Астанадағы маңызды мәселелердің бірі - адамдардың терезеден секіріп жиі қайтыс болуы. Мұнда бір психологиялық ауытқу да бар. Өйткені көптеген әкімдер билікке келгенде “тек менің кезеңімде осылай болмаса екен” деп тілеп отырады. Нәтижесінде жаңа аудандардың сызбасын мақұлдағанда бір “қораптардың жиынтығын” салуға рұқсат етеді, - дейді қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғаров.


Алматы ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің жөнсіз, әрі тым көпқабатты салына беруін “қораптардың жиынтығы” деп сынаған экс-депутат қаламыз адамдарға өмір сүруге ыңғайсыз урбанистикалық ыңғайсыз өңірге айналып бара жатқанын тілге тиек етті.

— Адамдар ауылдан келіп, мына вокзалдан шыққан бойда көретіні LRT-ның бітпеген бағандары мен тізілген қораптарды ғана көреді. Жақын аралықта арамыздағы тұрғындардың уәжіне құлақ асасыздар ма? Ауданымызда демалып, серуендейтін дені дұрыс парк жоқ. Тұрғындар төртбұрышты “қораптарында” ғана серуендей ме? - деп шағымданды экс-депутат.

Оның бұл сауалына “Астана Бас жоспары” ҒЖЖИ ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов жауап берді. Спикердің айтуынша, Алматы ауданында “Нұржол” бульвары секілді Қалибек Қуанышбаев академиялық ұлттық театрының артынан “Нұрлы жол” вокзалына дейін созылатын аллея болатынын айтты. Одан бөлек, Щебсклад СҰ маңынан жағалау орнамақ. Серік Әбдірахмановтың айтуынша, бұл жобалар 2035 жылға дейінгі бас жоспарға еніп отыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады