Петропавлда пәтер кезегінде тұрған жетім бала кезектен заңсыз ысырылған

24.08.2023, 11:10
514
Петропавлда пәтер кезегінде тұрған жетім бала кезектен заңсыз ысырылған canva.com

Петропавлда жетім баланың құқығы тапталып, пәтер кезегіндегі орны заңсыз кейінге ысырылған. Тексерістен кейін әкімдіктің жауапты маманы сөгіс алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, көктемде Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қала тұрғыны өтінішпен келген. Әйел патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қоюда олқылық барын айтқан.

«Әйел патронаттық тәрбиедегі баласын пәтер кезегіне 2018 жылдың ақпан айында қойған. Алайда kezekte.kz порталында кезек артқа сырғып, кезекке тұру уақыты 2018 жылдың қыркүйегі болып кеткен. Тұрғын кезектегі орынды қалыпқа келтіруін сұрап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан, алайда олар қателікті өздігінен түзетуге асықпаған.

Сол себепті петропавлдық департаментке шағымданып, шара қолдануды сұрады», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Департамент тексеріс ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстырудың нәтижесінде ол 67 орынға өзгерді.

Ал жауапты мемлекеттік қызметші - Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)