"Қол қайдан өсетінін білесің": Досаев 3 рет жөнделген жолға қатысты пікір білдірді

24.08.2023, 12:24
932
"Қол қайдан өсетінін білесің": Досаев 3 рет жөнделген жолға қатысты пікір білдірді orda.kz

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Наурызбай ауданының тұрғыны қаладағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қала тұрғынының айтуынша, осыдан үш жыл бұрын Досмұхамедов көшесіне кәріз құбыры тартылған, бірақ жұмыс аяқталған соң жол сапасыз қалыпқа түскен. Тұрғындар үш ай сайын қала мен Наурызбай ауданының әкімдігіне арыз жазумен болған.

"Олар төрт рет жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бәрібір жол қатты қисайып, люктер көтеріледі. Бұл жолды кім және қалай жөндегені белгісіз", - деді Алматы тұрғыны.

Аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева жолда шынымен де траншеялардың ақаулары бар екенін растады. Ол кепілдіктің бір бөлігі ретінде жолды жөндеуге уәде берді.

Ерболат Досаев биылдан бастап мердігерлер су құбыры мен кәріз желілерін жүргізгеннен кейін көшенің бүкіл еніне асфальт төсеуге міндетті екенін айтты.

"Негізгі себебін атағым келеді. Біз жолдарды ауыстырған, жаңартқан немесе жаңа жолдарды төсеген кезде, бастапқы жобаларда олар жай ғана траншея қазып, көміп тастаған. Келесі жөндеу кезінде бәрінің дұрыс жасалуына мән беретін боламыз. Содан кейін, әкімдікпен бірге қабылдаймыз", - деп түсіндірді Досаев.

Сондай-ақ әкім қалада жол жөндеуге жеткілікті қаржы бөлініп жатқанын, мәселе мердігерлердің жұмысының сапасында екенін айтты.

"Қазақта "қолдың қайдан өсетінін білесің" деген ескі мақал бар. Сондықтан біз мердігерлер жұмысын сапалы атқаруы үшін талапты күшейтіп жатырмыз. Осы орайда мен мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнан үлкен үміт күтемін. Жаңа заңның аясында бұл мәселелерді шеше аламыз", - деді ол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді