Астанада әйел ер адамды көлігімен сүйреп өлтірген: Сот оны ақтады

24.08.2023, 14:45
632
Астанада әйел ер адамды көлігімен сүйреп өлтірген: Сот оны ақтады canva.com

Елорда тұрғыны абайсызда адамды өлтіріп алғаны үшін ақталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, жәбірленуші ер адам Н. сотталушы әйел О.-ны сағат 23.00 шамасында үйінің жанында күтіп тұрған. Кездесу барысында, көлікке отырғаннан кейін ер адам қарым-қатынасты одан әрі жалғастыра беруді ұсынған. Әйел одан бас тартқаннан кейін Н. оның ұялы телефондарының бірін тартып алған. Кейін ер адам сағат 05.23 шамасында оның үйіне оралуын күтіп, көлігінің алдына жүгіріп шыққан және тоқтауға мәжбүрлеген. Осы жерде Н. оның үйге кеш оралғанын айтып жанжал шығарған және көліктің есігін ашуды талап еткен. Бұдан соң ол балағат сөздер айтып, О.-ны мойнынан тұншықтыра бастаған.

Осы уақытта әйел өзінің өмірі мен денсаулығы үшін алаңдап, түнде адам жүрмейтін жерде ешкімнен көмек сұрауға мүмкіндігі болмағандықтан, Н.-ның автокөліктің алдында емес, сол жағында тұрғанын ескеріп, көлікпен жүріп кеткен.

Өз кезегінде ер адам өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, көліктің жүргізуші жағындағы төмен түсірілген әйнегінен екі қолымен мықтап ұстап алған.

Әйел көлігін тоқтатпай, қозғалысты жалғастырған, ал ер адам көлікке ілінген күйі сүйретілген. Кейін өзін-өзі ұстай алмай, асфальтқа құлап, алған дене жарақатынан көз жұмған.

Қылмыстық кодекске сәйкес, қорғану әрекеті қажетті шектен асып кеткен жағдайда, ол қасақана іс-әрекет ретінде сипатталады.

«Апелляциялық алқа О. бұл жағдайда Н.-ның денсаулығына ауыр зиян келтіру ниетінде емес, тек қажетті қорғаныс мақсатында әрекет етті деген тұжырым жасады. Ол тек өзінің өмірі мен денсаулығына қол сұғуға жол бермеуге тырысқан. Іс қорытындысы бойынша Қылмыстық кодексінің 112-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімі шығарылды», - деп хабарлады соттан.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды