Университет оқытушыларына жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

24.08.2023, 15:48
578
Университет оқытушыларына жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады canva.com

Профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленеді. Бұл туралы елордадағы жоғары білім және ғылым форумында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жалақыға қатысты проблеманың мән-жайынан хабардармын. Жалпы, осы салада еңбекақы лайық деңгейде бағалануы керек. Грейд негізінде жаңа жалақы жүйесін әзірлеу керек. Шкала шегіндегі жалақының өзгеруі маманның құзыретіне, жұмыс нәтижелеріне байланысты болады. Мұндай жүйе өте икемді. Министрлік еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуі қажет, кейін ол әрбір ұйымның ерекшеліктеріне қарай бейімделеді. Яғни осы қадамдар бұл жұмыстың бірінші бөлігінде қамтылған», - деді Т. Дүйсенова.

Осы орайда ол профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесіне қатысты тапсырма жүктеді.

«Егер біз профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшетін болсақ, онда оның гранттар құнының құрылымындағы әсерін қарау керек. Жаңа жүйе жалақы үлесі құрылымына, сондай-ақ грант құнына да әсер етуі мүмкін. Министрлік жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесе биылғы қарашаға дейін аяқтауы тиіс. Яғни жыл соңына дейін жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа тетігі бойынша шешім қабылдау үшін осы жұмысты аяқтауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды