Министр Асхат Оралов туризм мәселелері бойынша шетелдік журналистермен кездесу өткізді

24.08.2023, 16:15
806
Министр Асхат Оралов туризм мәселелері бойынша шетелдік журналистермен кездесу өткізді gov.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанға келген танымал шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесіп, олармен отандық туризмді дамыту перспективалары туралы әңгімелесті.

Кездесуге 10 елдің журналистері келді. Бұл Бельгия, Германия, Катар, Сауд Арабиясы, Мексика, БАӘ, Түркия, Оңтүстік Корея, Словакия және АҚШ. Шетелдік қонақтар қазақстандық туризмге үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.


Журналистерді қазақстандық туризмге қай елдер көбірек инвестиция салатыны, сондай-ақ негізгі дестинацияларда инфрақұрылымды дамыту жоспарлары, логистика және тіпті спорт мәселелері қызықтырды. Мысалы, олар қазақстандық параспортшылардың халықаралық жарыстардағы табыстарының құпиясы туралы да сауал қойды.

Министр өз кезегінде журналистерге Қазақстанның 10 басты туристік бағыты, маңызды көрікті жерлер және оларды дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, қонақтардың назарына «Kazakh Tourism ҰК» АҚ-ның еліміз және оның басты туристік орындары туралы негізгі ақпараты бар видеоролик пен презентация ұсынылды.

Кездесуден кейін көп ұзамай шетелдік қонақтар Түркістанға және еліміздің басқа өңірлеріне аттанып кетті.

«Қонақтарымыз әлеуметтік желілердегі парақшаларында Қазақстанның рухани астанасы мен халқымыздың қонақжайлығы, мейірімділігі оларға жағымды әсер қалдырғаны туралы жазыпты. Біз үшін мұндай кездесулер - Қазақстанды туристік дестинация ретінде, бюджет қаражатын жұмсамай-ақ шетелде ілгерілетуге арналған жақсы мүмкіндік. Ел көрсем, жер танысам деген әуесқой жиһанкездерге бұл Қазақстанға келуге ынталандыратын мүмкіндік екеніне сенімдімін», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Қорытындылай келе, Асхат Оралов журналистерді келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды. Ойындарға басқа елдердің туристері келеді деп күтілуде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды