Бүкіл студенттер жасанды интеллект бойынша курс оқуға міндеттеледі

24.08.2023, 17:46
1673
Бүкіл студенттер жасанды интеллект бойынша курс оқуға міндеттеледі canva.com

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқыту бағдарламасына жасанды интеллект бойынша міндетті курс енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордада жоғары білім және ғылым форумында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Келешекте жасандық интелектіні меңгерген мамандар сұранысқа ие болады, ал игермегендер – жұмыс орындарынан айырылады. Сондықтан, естеріңізде болса бірінші стратегияны цифрлық сауаттылық ұғымынан бастаған едік. Барлық жерде цифрлық сауаттылық болуы керегін айттық. Өздеріңіз көргендей, бір жылда әлемде үлкен өзгерістер болды, біз енді цифрлық емес, жасанды интеллект саласында сауатты болу керегін айтып жатырмыз. Біз қазір Google компаниясымен бірлесіп, жасанды интеллект сауаттылығы жөніндегі курсты пысықтап жатырмыз», - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, келесі айдың соңында Нью-Йоркте келісімшарт жасалуы мүмкін және келесі оқу жылынан бастап барлық студенттер міндетті түрде жасанды интеллект жөніндегі курсты оқиды.

«Біздің ұстанымымыз - оны міндетті ету, өйткені барлық студент оқуын аяқтағанда жасанды интеллект саласында негізгі құзыретке ие болады. Бұл инновациялық курс болады, өйткені әлемде жоқ», - дейді Ғылым министрі.

Айта кетейік, Астанада тұңғыш рет жоғары білім және ғылым форумы өтіп жатыр.

Форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды