Ләйлә Сұлтанқызы Земфираға қатысты дау туралы: Ұрыстырып қойғаны жаман болды

24.08.2023, 19:21
762
Ләйлә Сұлтанқызы Земфираға қатысты дау туралы: Ұрыстырып қойғаны жаман болды sultankyzy

Ресейлік әнші Земфира Алматы мен Астанада кеш өткізіп, кейін әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын. Әншінің елордада өткен ән кешіне қатысқан Ләйлә Сұлтанқызы концертке байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Massaget.kz мәліметінше, Ләйлә Сұлтанқызы да аталмыш кешке достарының шақыруымен барған.

"Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады. Шыны керек, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр бір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Былай қарасаң, бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын. Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға яғни ұйымдастырушыларға ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды. UPD деп, асығыс кішкентай әріппен жазғанына, ПММЛ деп тұрғандай", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, ресейлік әнші Земфира 18 тамызда Алматыда, 20 тамыз күні Астанада жеке концертін өткізген. Алайда әншіге ұйымдастырушылар жұмысы ұнамаған. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып, кейін оқырмандарынан кешірім сұрады. 

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды