Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі 15 пайыздай артты

25.08.2023, 12:14
601
Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі 15 пайыздай артты canva.com

2023 жылдың 6 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 11,38 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 14,8%-ға артық (2022 жылдың 6 айында 9,92 трлн теңге), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарастырылып отырған кезеңдерде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрылымы бірдей: ең үлкен үлесті салық түсімдері мен трансферттер түсімдері құрайды.

Бұл ретте салық түсімдері дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді, яғни, 2023 жылғы 1-жартыжылдықта барлық кірістерден 78,9% (8,98 трлн теңге) (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 72,1% (7,15 трлн теңге)) құрайды. Талданатын кезеңдегі салық түсімдерінің құрылымында ҚҚС және КТС басым, олардың үлесіне 2023 жылдың 6 айында тиісінше 29,3% және 26,8% салық түсімдері тиесілі (2022 жылдың 6 айында тиісінше 26,0% және 27,8%).

Трансферттер түсімдері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігін құрайды. Ол 2023 жылғы 1-жартыжылдықта 18,8% (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 24,6%) тең.

Осылайша, талданып отырған кезеңде Ұлттық қордан трансферттер 2,14 трлн теңгені құрады, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 трлн теңге (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 2,44 трлн теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 2,23 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,21 трлн теңге).

Салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 2023 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 1,7% (0,20 трлн теңге) және 0,6% (0,07 трлн теңге) (2022 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 2,2% (0,21 трлн теңге) және 1,1% (0,11 трлн теңге)).

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды