Құрылыс жобалау институты жоғары сейсмикалық жағдайда дәл есептейтін жабдықты сатып алды

25.08.2023, 14:47
647
Құрылыс жобалау институты жоғары сейсмикалық жағдайда дәл есептейтін жабдықты сатып алды gov.kz

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ зертханалық базасы Midas 3D және Plaxis 3D үлгідегі жаңа бағдарламалық өнімдерімен толықтырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Midas 3D және Plaxis 3D үлгідегі жаңа бағдарламалық өнімдері күрделі геологиялық және жоғары сейсмикалық жағдайларда геотехникалық профильдерді (сараптамалық модельдеуді) заманауи деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Геотехникалық есептеулер жобалық шешімдерді тексеру үшін аса маңызды және кез келген жобадағы кемшіліктерді анықтап, жоюға септігін тигізеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, институттың зертханалық базасының кеңеюі қолданыстағы, сондай-ақ жаңа буындағы аспаптармен толығуға мүмкіндік берді. Үшосьтік нығыздау әдісі топырақтың физика-механикалық өлшемдерін нақты анықтауға арналған тиімді тәсілдердің бірі. Бұл арқылы салынған ғимараттың түбіндегі топырақтың қандай көлемдегі салмаққа шыдас беретінін анықтауға болады.

- Енді сарапшыларға темірбетон қадаларының сапасын сынауға, құрылысқа арналған жерді нығайтуға, деформация модулін бағалап, топырақтың геофизикалық қасиеттерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды орындауға жол ашылып отыр. Сондай-ақ бұл бағдарлама еліміздің құрылыс нормаларында ұсынылған топырақтың неғұрлым қолданбалы модельдерін толық қолдануға және құрылыстағы заманауи тәсілдерге сәйкес жобалауды орындауға оң әсер беретінін айта кетейік, - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл орайда аталған институт зертханалық жабдықтарды жыл сайын жаңартып келе жатқанын айта кетейік. Мәселен, ҚазҚСҒЗИ мамандары Алматыдағы құрылыс нысандарын зерттеу барысында жоғарыда аталған бағдарламалық жүйелерді кеңінен қолданып келеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды