Астанада ғұлама Әбу Әли ибн Синаға арналған ескерткіш қойылды

25.08.2023, 16:51
718
Астанада ғұлама Әбу Әли ибн Синаға арналған ескерткіш қойылды gov.kz

Астанада ұлы ғалым Әбу Әли ибн Синаның ескерткіші ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада Тәжікстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Аталған шара аясында ұлы ғалым әрі ойшыл Әбу Әли ибн Синаның бюстінің ашылуы Астана қаласында аталып өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан мен Тәжікстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысқан.

«Бүгін елдеріміздің арасында екіжақты қатынастар тарихындағы өте маңызды күн. Ибн Сина – бүкіл Орталық Азияның мақтанышы, сондықтан бұл ескерткіш біздің елдеріміз арасындағы терең тарихи байланысты көрсетеді. Монументтің ашылуы – бұл Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өтетін іс-шаралардың бірі. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кино көрсетілімдері, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Ғұламаның ескерткіші Астана қаласының Алматы ауданы А.Храпатый көшесі, 9 жанындағы саябақта орнатылған. Қола бюсті тәжік шеберлері жасаған, ал гранитті тұғырды елорда әкімдігі ұсынған. Ескерткіштің биіктігі – 3,1 м.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды