642

Ұлттық банк соңғы үш жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банктің айтулы жаңалығы жөнінде smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық банк соңғы үш жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендетті
ашық дереккөзден

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендетті. Бұған дейін базалық мөлшерлеме 16,75% болған.

«Шешім деректерді талдау және инфляция тәуекелдерін бағалау негізінде қабылданды», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі салымшылардың депозит жинақтарына үстеме ақшаның аз қосылатынын және несие алудың адамдарға тиімдірек болатынын білдіреді.