Қазақстанға Прагадан 40 бас Пржевальский жылқысы әкелінбек

26.08.2023, 10:13
3118
Қазақстанға Прагадан 40 бас Пржевальский жылқысы әкелінбек baq.kz

Пржевальский жылқысын Қазақстанға жерсіндіру жобасын жоспарлау бойынша халықаралық семинар өтті. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

21-24 тамыз аралығында Чехия Республикасының Прага қаласында өткен семинарды Прага хайуанаттар бағы ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР мен Чехия Үкіметтері арасында қол қойылған Қазақстандағы жабайы жылқылар популяциясын жандандыру жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырды.

Іс-шараға Берлин, Нюрнберг және Будапешт хайуанаттар бағының, Франкфурт зоологиялық қоғамының, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының (АСБК), Хортобаг ұлттық паркінің (Венгрия) және үлкен Гобий қорығының (Моңғолия)өкілдері қатысты.  

Қазақстандық делегацияны Экология және табиғи ресурстар Бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев басқарды.

Қатысушылар жылқылардың бірінші тобын 2024 жылы елімізге тасымалдаудың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады.

Айта кету керек, жануарларды жеткізу мәселесін Прага зообағы мен Чехия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірлесіп қамтамасыз етпек.

Қазақстанға жылқыларды жерсіндіру үшін "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағы таңдалды. Жануарлар бейімделудің бірінші жылын Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының реинтродукциялау орталығында өткізеді.

Барлығы Еуропадан Қазақстанға 40-қа жуық жануар әкелу жоспарланған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды