Зейнеткерге аяусыз зәбір көрсетіп, тонап кеткендер ұсталды

26.08.2023, 10:53
747
Зейнеткерге аяусыз зәбір көрсетіп, тонап кеткендер ұсталды polisia.kz

Шемонаихада зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны екі белгісіз адам оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. 

Тәртіп сақшылары “ізін суытпай” күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды